2026 жылдың алғашқы төрт айында елдегі айырбастау пункттерінде халыққа сатылған доллар көлемі сатып алынған көлемнен 494,8 млрд теңгеге артық болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары мәлімдеді.
Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылдың осы кезеңінде таза сатылым көлемі 436,2 млрд теңгені құраған.
Сарапшылардың айтуынша, АҚШ валютасына сұраныс өткен жылғы төмендеуден кейін қайта күшейген. Ең жоғары көрсеткіш қаңтар айында тіркеліп, халық 150,3 млрд теңгеге доллар сатып алған. Кейінгі айларда сұраныс біртіндеп азайған.
Долларды ең көп сатып алған өңір — Алматы қаласы. Мұнда таза сатылым көлемі 183,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 79,5 пайызға өскен.
Батыс Қазақстан облысында да АҚШ валютасына сұраныс айтарлықтай артқан. Өңірде таза сатылым көлемі 18,3 млрд теңгені құраған.


