Respublica партиясының төрағасы сайлаушыларға алғыс білдірді

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров экзитпол нәтижелерінен кейін өз сайлаушыларына үндеу жасап, Құрылтайға алғашқы сайлаудың тарихи сәт екенін атап өтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«Respublica партиясы бүгінгі сайлау ашық, әділ және заң талаптарына сәйкес өтті деп есептейді. Алғашқы конституциялық сайлауда Respublica дауыстардың 5,4%-ын алды — бұл сауалнаманың алдын ала нәтижесі. Бұл бізге сенім артқан азаматтардың таңдауы. Біз партиямызға дауыс берген әрбір азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз», — деді Ходжаназаров.

Оның айтуынша, дауыс беру аяқталып, алғашқы экзитпол нәтижелері шықты. Бұл күтілген нәтиже. Бұл ретте партия сайлаудың ресми қорытындысын күтуге ниетті.

Ұқсас ақпараттар