Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде Ресейге ұйым жанындағы бақылаушы мәртебесін беруді немесе «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматына қосуды ұсынды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, Ресейдің түркі халықтарымен тарихи әрі мәдени байланысы бар. Сондай-ақ елде көптеген түркі халықтары өмір сүреді.
Тоқаев бұл бастама түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, ұйымның беделін арттыруға ықпал ететінін айтты.

