Қазақстан дзюдодан командалық әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан дзюдодан командалық әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошылар аралас командалар арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды, деп Sayasatlive.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Финалда қазақстандық дзюдошылар Бразилияны 4:3 есебімен жеңді. Шешуші кездесуде ел намысын Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Інжу Жұмадан (63 келіге дейін), Еркен Бекалы (81 келіге дейін), Тоғжан Төлебай (63 келіден жоғары), Әділжан Жаудинов (81 келіден жоғары) және Иянат Жұбатқан (48 келіге дейін) қорғады. Жекелей сында Қазақстан он наградаға ие болды.

Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Фатима Супығалиева (52 келіге дейін) және Әділ Жаудинов (90 келіден жоғары) бірінші орын алды. Әдия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін), Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды.

Әлем чемпионатын қола медальмен Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекалы (73 келіге дейін) аяқтады.

Ұқсас ақпараттар