Алимент бойынша борышкерлер құмар ойнына 600 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған

Павлодар облысында алимент бойынша 279 борышқор ойын шоттарын толтырып, ставкалар жасай алған. Олар салған қаражаттың жалпы сомасы 600 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл ретте борышқорлар шоттарынан 415 млн теңге шығарған. Анықталған құмар ойындарға қатысушылардың арасында 97 адам алимент төлемегендер болып шықты.

«Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңы талаптарын бұза отырып, алимент бойынша 279 борышқор өздерінің ойын шоттарын кедергісіз толтырып, құмар ойындарға қатысқан», — деп хабарлады прокуратура.

Тексеру қорытындысы бойынша ведомство Құмар ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Осыдан кейін букмекерлік кеңселер Ставкалар мен төлемдерді есепке алудың бірыңғай жүйесіне қосыла бастады. Ол клиенттерді борышқорлар тізімі бойынша автоматты түрде тексереді және атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар тұлғалар үшін құмар ойындарға қолжетімділікті бұғаттайды. Қазіргі уақытта жеті букмекерлік кеңсе интеграцияны аяқтады, тағы он оператор тиісті келісімдерге қол қойды.

Прокуратура қабылданған шаралар букмекерлік нарыққа мемлекеттік бақылауды күшейтуге, борышқорлардың құмар ойындарға қолжетімділігін шектеуге және алимент өндірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар