Үкіметте жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиында Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өміралиев автожол саласындағы тексерулердің алдын ала нәтижелерінемм тоқталды. Бүгінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша 33 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Келтірілген залалдың алдын ала мөлшері шамамен 8 млрд теңгеге бағаланады. Тергеу жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, негізсіз шарттар мен мемлекеттік сатып алу жоспарларының күшін жою есебінен 36 млрд теңге сомасына шығындардың алдын алынды. Атап айтқанда, бұрын жөнделген жолдарды, оның ішінде мердігерлердің қолданыстағы кепілдік міндеттемелері бар нысандарды жөндеуге жаңа тендерлер жариялау жағдайлары анықталды.