Президент Теміртауда “Qarmet” басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ол өңірдегі трамвай қатынасын қалпына келтіруді маңызды қадам деп атады. Оның айтуынша, трамвай – қала тарихы мен бүгінін жалғап тұрған нысан.
Тоқаев тұрғындардың өтініші орындалғанын құптап, қаланың ұзақ уақыт күтімсіз қалғанын айтты. Дегенмен, абаттандыру бағытында әлі де атқарылатын жұмыс көп екенін жеткізді.
Президент Теміртау тұрғындарының үйіне табиғи газ тартылғанын да айтты. Ал “Qarmet-ті» прогресс пен табыстың символына айналдыруға уәде берді.

