Қазақстанға жыл басынан бері 3 млн шетелдік саяхатшы келді

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ал шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамды құрады. Шетелдік қонақтардың негізгі бөлігі көршілес елдерден келеді.

Елдің туристік инфрақұрылымы да дамып келеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, демалыс базаларын және өзге де орналастыру орындарын қоса алғанда, 4 505 нысан жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге артты.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 млн қонақ тоқтады. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдаған.

Ең танымал курорттық бағыттар:

Алматы тау кластері – 509,3 мың адам;

Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам;

Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам;

Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам;

Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.

Ұқсас ақпараттар