Астанаға келетін туристер саны 352 мыңға жетті. Оның шамамен 68 мыңы – шетелдік туристер, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға жоғары.
Әкімдіктің мәліметінше, елорда қонақтарының басым бөлігі Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ азаматтары. Сонымен қатар Өзбекстан, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін туристер саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бұған халықаралық форумдар, мәдени іс-шаралар мен концерттердің көбеюі ықпал етті.
Айта кетейік, былтыр Астанаға 1,5 миллион турист келді.


