Exit-poll деректеріне сәйкес бес саяси партия 5%-дық бөгесінді еңсеріп, құрылтайға өтеді. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен Еуразиялық интеграция институты жүргізген сайлау учаскелерінен шыға берістегі сұрау салу нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Осылайша, «Әділет» партиясы 71,8%, «Ауыл» партиясы 6,4%, Respublica партиясы 5,4%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 5,2%, «Ақ жол» партиясы 5,1% дауыс жинады.
Қазақстан Халық партиясы сайлаушылардың 3% дауысын, «Байтақ» партиясы 1% дауыс алды. Сайлау учаскелеріне келгендердің 2,1%-ы барлығына қарсы дауыс берді.
Сұрау салуға 30 мыңға жуық сайлаушы қатысты, оның қателігі шамамен 1% құрайды.


