10.12.2025

Қазақстанда көші-қон және демография саясаты жаңартылады

Үкімет алдағы уақытта демография мен көші-қон саласындағы жаңа саясат жобасын әзірлейді деп хабарлайды sayasatlive.kz.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірге қазан айына дейін көші-қон және демографиялық саясат тұжырымдамасының жобасын ұсынуы тиіс. Бұл құжат 2030 жылға дейінгі өңірлік саясатпен тығыз байланысты болады.

Енді елге келетін этникалық қазақтармен (қандастармен) алдын ала сауалнама жүргізу қолға алынбақ. Бұл олардың жеке қабілеті мен кәсіби мүмкіндіктерін анықтап, солтүстік пен шығыс аймақтарға тиімді орналастыруға көмектеседі. Сонымен қатар қандастарды осы өңірлерге тарту үшін ақпараттық жұмыстар күшейтіледі.

Бұдан бөлек, көші-қон ережесін бұзғандарға жауапкершілікті қатаңдату тапсырылды. Ішкі істер министрлігі мен басқа органдар көші-қон саласындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуі тиіс.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар