Батыс Қазақстан облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орал орман шаруашылығы аумағындағы табиғи өртті жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, Экология министрлігінің орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-ші құтқару батальоны жұмылдырылды. Әуеден өртпен күресу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшақтары тартылды.

ТЖМ мәліметінше, қатты жел өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатуда. Осыған қарамастан, мамандар өртті оқшаулау және жою жұмыстарын жалғастыруда.

«Өртті жоюға барлығы 80-ге жуық адам, 10 бірлік жер үсті техникасы және екі тікұшақ жұмылдырылды. Авиация жалпы көлемі 68 тонна суды 46 рет лықсытты», — деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.

Ведомство табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын, жағдай тұрақты бақылауда екенін қосты.

Ұқсас ақпараттар