Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

Астана әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Есет Байкеннің басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің орынбасары тағайындалды.

«ҚР Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісім бойынша Талғат Рахманберді Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Байқоңыр» ауданының әкімі қызметін атқарған», — делінген хабарламада.

Ол еңбек жолын 2004 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ жастар істері комитетінің төрағасы қызметінен бастады. Әр жылдары «Астана қаласы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды, ҚР Бас прокуратура институтының (Астана қ.) қылмыстық процестің және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасында аға прокурор, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылғы сәуірден 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы сәуірден бастап Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының, ішкі саясат басқармасының басшысы, қала әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2023 жылғы 18 қазаннан бастап «Байқоңыр» ауданының әкімі қызметін атқарды. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы жүйелі дамыту бойынша бірқатар міндет қойды.

Ұқсас ақпараттар