Қазақстан Ұлттық Банкі 25 шілдеге арналған шетел валюталарының ресми бағамдарын жариялады. Астана мен Алматы қалаларының айырбастау пункттері доллар, еуро және ресей рублінің сатып алу және сату құнын жаңартты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес, доллардың ресми бағамы 475,98 теңге, еуро – 542,63 теңге,
ресей рублі – 6,10 теңге,
қытай юані – 70,25 теңге.
Астананың айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 470,01 теңгеден сатып алынып, 477,01 теңгеден сатылуда.
Еуропалық валюта сатып алу кезінде 533,03 теңге, сату кезінде 543,03 теңгеден саудалануда.
Ресей рублін 5,70 теңгеден сатуға, ал 6,11 теңгеден сатып алуға болады. Алматыда доллардың бағамы сатып алу кезінде 472,09 теңге, сату кезінде 474,80 теңге.
Оңтүстік астанада еуро 538,25 теңгеден сатып алынып, 543,68 теңгеден сатылуда.
Ресей рублі сатып алу кезінде 5,69 теңгеден, сату кезінде 5,84 теңгеден саудалануда. Айырбастау пункттеріндегі шетел валютасының құны нарықтағы жағдайға байланысты күн ішінде өзгеруі мүмкін.

