Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ауылдық спартакиада көрермендер, спортшылар, төрешілер мен жаттықтырушылар қатысқан жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жанжал күрестен өткен финалдық жарыстардан кейін болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жанкүйерлердің бірі төрешілер өз сүйіктісін жеңістен әділетсіз айырды деп есептеп, төрешіге тап берген. Осыдан кейін төбелеске басқа қатысушылар мен іс-шара көрермендері араласқан.
Төбелестің жаппай сипатта болғанына қарамастан, полицияның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Құқық қорғаушылар жанжалдың төрт болжамды бастаушысын анықтап, ұстады.
«Жаңаарқа ауданында спартакиада кезінде болған оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды», — деді Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Саламатов.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

