20 шілдеде Алматыда атмосфераның жер беті қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп Sayasatlive.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қолайсыз метеожағдайлар ауа райы факторларының — әлсіз желдің, тымықтың, тұманның немесе температуралық инверсияның — зиянды қоспалардың ауада таралуына кедергі келтіретін үйлесімін білдіреді.
Мұндай кезеңдерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Тұрғындарға, әсіресе тыныс алу органдары, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары бар адамдарға, балалар мен қарттарға мүмкіндігінше ашық ауада болу уақытын қысқарту және қарқынды физикалық жүктемелерді шектеу ұсынылады.

