Ұлытау облысында 3 500-ге жуық ағаш отырғызылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz. 

Акцияға 10 мыңға жуық адам қатысып, 150 арнайы техника жұмылдырылды. Өңірде 3 500-ге жуық ағаш отырғызылып, қоғамдық орындар, көшелер мен аулалар тазартылды.

Облыс әкімі Есет Байкен тұрғындармен бірге ағаш отырғызып, әр көшеттің жерсінуіне, тұрақты суарылып, күтіп-бапталуына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар