Ұлыбританияда Great North Run жартылай марафоны кезінде 25 жастағы екі спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Журналистердің мәліметінше, жүгірушілер 13,1 миль (шамамен 21 километр) қашықтықта жарысқан. Бір сәтте екеуі де есінен танып қалған. Ұйымдастырушылар дәрігерлер спортшыларды құтқаруға тырысқанын, бірақ олардың қолынан келмегенін хабарлады. Өлім себептері нақтыланбады.
«Екі қатысушының отбасы мен достарына шынайы көңіл айтамыз. Біз осы өте қиын уақытта оларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз, біздің ойымыз бен көңіл айтуымыз оларды жақсы көрген және білген барлық адамдарға арналады», — деді ұйымдастырушылар.

