«Қазгидромет» 6–8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Бірқатар өңірде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Сонымен қатар көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі.
Ауа температурасы өңірлерге қарай өзгереді. Батыста +2…+22°C, солтүстік-батыс пен солтүстікте -6…+20°C, шығыс пен орталықта 0…+15°C, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +2…+22°C аралығында болады. Таулы аймақтарда ауа температурасы 1–3°C аяздан +14°C-қа дейін көтеріледі.

