АҚШ пен Қытай жалпы құны 60 млрд доллар болатын тауарларға салынатын баж салығын төмендетеді

Тізімге америкалық азық-түлік пен Қытайда өндірілетін тұрмыстық тауарлар енді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қытай АҚШ-тан импортталатын жүгері, бидай, құмай, ет, сүт өнімдері, балық пен теңіз өнімдеріне, сондай-ақ ағаш, косметика және медициналық бұйымдарға салынатын баж салығын төмендетуді жоспарлап отыр.

Ал АҚШ Қытайдан әкелінетін кофеқайнатқыш, тостер, ыдыс-аяқ, көрпе, төсек-орын жабдықтары мен ойыншықтарға, сондай-ақ балаларға арналған автокресло мен мерекелік безендіру заттарына салынатын тарифтерді азайтуды ұсынады.

Әр ел импортқа салынатын баж салығын шамамен 30 млрд доллар көлеміндегі тауарға төмендетеді. Қытайдың Сауда министрлігінің мәліметінше, келісілген тізімдегі тауарлардың 90%-дан астамы қосымша өзара баж салығынан босатылады.

Ұқсас ақпараттар