Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей президенттері Арменияның Еуропалық одақпен интеграциялануға ұмтылысына қатысты елде жалпыұлттық референдум өткізу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Бұл референдумда ел азаматтары Арменияның болашақ бағытын: Еуропалық одаққа кіруін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігін жалғастыруын айқындауы тиіс.
ЕАЭО көшбасшылары Армения билігінің Еуропалық одақпен жақындасу бағыты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикасына қауіп төндіретінін атап өтті.


