Жаңа заң ұшатын таксилер, жүк дрондары және цифрлық әуе қозғалысын басқару жүйесін енгізуге құқықтық негіз жасайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Сондай-ақ жолаушылар деректерін қорғау мен әуе кеңістігін цифрландыру тетіктері қарастырылған.
Құжатта бірнеше жаңа ұғым бекітілді: вертипорт (тік ұшып-қону алаңы), қалалық әуе мобильдігі аймағы және ұшқышсыз қозғалысты басқару жүйесі.
Алайда аэротакси мен дрондарды жаппай пайдалану тек тәжірибелік режимдегі сынақтардан кейін ғана іске қосылады.


