Астанада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған Жол картасына қол қойылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Құжатқа қол қою рәсімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өтті.
Жол картасы өткен жылы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жалғасы саналады. Құжат аясында өнеркәсіп, мұнай-химия, логистика, металлургия, агроөнеркәсіп, туризм және жасыл энергетика салаларындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру көзделген.
Тараптар аталған бастамалар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, өзара сауда көлемін арттыруға серпін береді деп отыр.


