Ветеринария саласы дамыту жолына түсті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Кешенді жоспар халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға, сондай-ақ жануарларды аурулардан сақтау мен ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.
«Жүйелі шаралардың нәтижесінде Қазақстан жануарлардың аса қауіпті ауруларының бірқатары, соның ішінде аусыл, африкалық жылқы обасы, африкалық және классикалық шошқа обасы бойынша халықаралық мәртебеге ие болды. Бұл өз кезегінде отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Қазіргі таңда елімізде ветеринариялық препараттар өндіретін 21 зауыт жұмыс істейді.

