Соңғы 10 жылда Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты екі есеге өскен

Соңғы 10 жылда Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты екі есеге артып, 10 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Бұл – өте жақсы көрсеткіш, деді Еуразиялық экономикалық форум аясында вице-премьер Серік Жұманғарин.

«Тауар айналымына келсек, оның көлемі 15-тен 30 млрд долларға дейін өсті», – деді Серік Жұманғарин форум кулуарында.

Сонымен қатар, Қазақстанның үшінші елдермен сыртқы сауда айналымы да айтарлықтай ұлғайып, 60-тан 113 млрд долларға дейін жеткен.

Ұқсас ақпараттар