Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Путин еліміздің мемлекет басшысымен арада шынайы достық қарым-қатынас қалыптасқанын жеткізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Ол Тоқаевпен кездесулері мен әңгімелерінің сенімге негізделгенін және нақты нәтижеге бағытталғанын айтты.

«Біздің елде тиімді, халық қолдайтын саяси жүйесі бар, тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан қуатты экономикасы бар және өркендеп жатқан Қазақстанға үлкен құрметпен қарайды», – деді Ресей президенті Астанаға сапары қарсаңында жарияланған мақаласында.

Ресей президенті сондай-ақ барлық салада өзара тиімді Ресей – Қазақстан байланысын нығайтуды үнемі басты назарда ұстайтынын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар