Жезқазғанда кәріз құбырын тазалап жатқан жұмысшы опат болды

Жезқазғанда кәріз құбырын тазалау кезінде  жұмысшы қаза тапты. Тағы бір жұмысшы ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Оқиға 20 мамыр күні «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» қызметкерлерінің қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде болған.

Жұмыс кезінде қызметкердің бірі шұңқырға құлайды, көмектеспек болған екіншісі де ілесе  құлап кетеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ұқсас ақпараттар