Биылдан бастап өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі екі есе өседі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне баса назар аударылғанын жеткізді.
«Енді мәдениет саласын қолдау – мемлекеттің конституциялық міндеті. Мен Мемлекет басшысы ретінде ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отырмын. Мәселен, соңғы бес жылда олардың жалақысы екі есе ұлғайды. Тек былтырдың өзінде елімізде 61 мәдениет нысаны салынды. 250-ден астам мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілді», — деді Президент.
