Ұлттық банк 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың табысына байланысты қарыз жүктемесіне лимит қоюды көздеп отыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Жаңа талап бойынша, қарыз алушының жалпы берешегі оның жылдық табысынан сегіз еседен аспауы тиіс.
Бұл көрсеткіш қарыз жүктемесі коэффициенті арқылы есептеледі. Яғни, адамның барлық несиесі мен берешегі оның ресми табысымен салыстырылады.
Сондай-ақ Ұлттық банк автонесие, ипотека және тұтынушылық қарыз нарығын бақылауды жалғастырады. Әзірге әр несие түріне жеке шектеу енгізу жоспарланбаған.

