Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың үкімі өзгермеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Ол жемқорлық ісі бойынша айыпталған.
Іс апелляциялық шағым негізінде қайта қаралған. Жәбірленуші тарап пен адвокаттар сот тағайындаған жазаны тым ауыр деп есептеп, үкімді қайта қарауды сұраған.
Алайда сот алқасы алғашқы инстанция шешімі заңды әрі негізді деген қорытындыға келді. Нәтижесінде бұрын шығарылған үкім күшінде қалдырылды.

