ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылдың 9 айындағы бақылау және қадағалау қызметінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық департаменттер заңнама талаптарын бұзған медициналық ұйымдардың лицензияларын сот тәртібімен тоқтату рәсімдерін бастады.
Нәтижесінде 78 медициналық ұйымның, оның ішінде стоматологиялық клиникалардың лицензиясы кері қайтарылды.
