Ер адам әйелі үшін анасын ұрып тастаған

Алматыда қолы байлаулы, жалаңаяқ көшеге қашып шыққан әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда әйелдің қолы бинтпен байланғаны көрінеді. Ол көшедегі адамдардан көмек сұраған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Видео авторының айтуынша, әйелді ұлы «отбасылық өміріне араласқаны үшін» ұрып-соғып, қолын байлап қойған.

Полиция әйелдің жеке басын анықтап, одан түсініктеме алды. Полиция мәліметінше, бұған дейін аталған оқиға бойынша полицияға ешқандай арыз түспеген.

Полиция жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ұқсас ақпараттар