Түркияның 16 провинциясында ИГИЛ террористік ұйымына қатысы бар деген күдікпен арнайы операция жүргізіліп, 51 адам ұсталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер террор ұйымына мүше болу, оны қаржыландыру және әлеуметтік желілерде террористік насихат жүргізді деген күдікке ілінген.
Бұған дейін, бір апта бұрын Түркияның 28 қаласында өткен осындай операция кезінде 83 күдікті ұсталған еді.


