2026 жылдың тоғыз айында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам адамның жүрген жерін анықтады. Бұдан бөлек, Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 1 031 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан жасырынған адамдарға қатысты да жүргізілуде. Қазақстан аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттермен іздеуде жүрген 537 адам ұсталды. Мысалы, полицейлер Алматы қаласында 45 жастағы шетел азаматын ұстады. Ол 1,3 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 2023 жылы Бішкек қаласында ер адам Оңтүстік Кореядан косметикалық өнімдерді жеткізуді ұйымдастыру сылтауымен жәбірленушінің ақшасын иемденген.

