ОСК кандидаттарға сайлау шығындары үшін бюджеттен қанша ақша бөлінетінін жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға:
Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға — 410 мың теңге;
Үгіт пен іс-шараларға — 180 мың теңге;
Жол шығындарына — 110 мың теңге.
Қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің шығындарына бөлінетін қаржы:
Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға — 400 мың теңге;
Үгіт пен іс-шараларға — 170 мың теңге;
Жол шығындарына — 80 мың теңге.
Аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға:
Теледидар, радиода сөз сөйлеуге және екі мақалаға — 290 мың теңге;
Үгіт пен іс-шараларға — 130 мың теңге;
Жол шығындарына — 80 мың теңге.

