Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер шешуші кезеңге өтті

Иран Сыртқы істер министрлігі Пәкістанның арағайындығымен АҚШ-пен жасалып жатқан келісімнің соңғы кезеңге жеткенін хабарлады. Тегеран мен Вашингтон әскери шиеленісті тоқтатуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумды аяқтауға жақын, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Бұл туралы сенбі күні Иран СІМ-інің ресми өкілі Эсмаил Бағаи ұлттық телеарна эфирінде мәлімдеді. Оның сөзінше, Тегеранға келген пәкістандық делегация екі ел арасындағы байланысқа делдал болып отыр. Келіссөздерге негіз ретінде Иран ұсынған 14 тармақтан тұратын жоспар алынған.

«Қазіргі таңда меморандумды аяқтау жұмыстары жүріп жатыр. Құжатта соғысты тоқтату, АҚШ енгізген теңіз блокадасын алып тастау және бұғатталған ирандық активтерді қайтару мәселелері қамтылған», — деді дипломат.

Оның айтуынша, түпкілікті келісімге қол қою үшін қажетті құқықтық тетіктерді әзірлеуге шамамен 30-60 күн қажет.

Ұқсас ақпараттар