АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметі (USCIS) 22 мамырдан бастап иммигранттық виза мен грин-карта рәсімдеу ережелеріне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Жаңа талапқа сәйкес, енді шетел азаматтары грин-картаға өтінішті АҚШ аумағында бере алмайды. Ол үшін өтініш иесі өз еліне оралып, америкалық консулдық арқылы құжат тапсыруы қажет.
USCIS мәліметінше, әр өтініш жеке қаралады. Сондай-ақ ерекше жағдайларда ғана жеңілдік жасалуы мүмкін.
«Енді АҚШ-та уақытша жүрген шетелдік азаматтар, ерекше жағдайларды қоспағанда, грин-карта рәсімдеу үшін өз еліне барып өтініш береді. Бұл иммиграциялық жүйедегі олқылықтарды азайтып, заң талаптарының сақталуын күшейтеді», – деді USCIS өкілі Зак Калер.


