Хэллоуин мерекесі қарсаңында АҚШ-тың жеті штатында бірнеше атыс оқиғасы тіркелді. Соңғы мәлімет бойынша, салдарынан 12 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Техас штатының Даллас қаласындағы ойын-сауық ауданында мереке кезінде үш рет атыс болған. Оқиға салдарынан төрт адам көз жұмып, тағы 15 адам жарақат алды.
Ал Алабама штатының Бирмингем қаласында жергілікті екі университеттің футбол матчынан кейін «Легион-Филд» стадионы маңында атыс болған. Бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қалған штаттардағы атыстарға қатысты мәліметтер нақтылануда.

