Көлік министрлігі мәліметінше, қазір италиялық компания аэротаксилерге арналған арнайы инфрақұрылымның дизайнын әзірлеуде, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Көлік министрлігі қауіпсіздік шаралары бірінші орында екенін жеткізді.
“2028 жылға дейін барлығы алты вертипорт салу жоспарланған, олар қауіпсіздік, көліктік қолжетімділік және қолданыстағы инфрақұрылыммен интеграциялану талаптарын ескере отырып, стратегиялық маңызы бар қалалық және көліктік тораптарда орналастырылатын болады”, – делінген хабарламада.


