Пекиндегі Путин мен Си кездесуі: «Сібір күші – 2» жобасы кейінге қалды ма?

20 мамыр күні Пекинде Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай басшысы Си Цзиньпин келіссөз өткізді, деп хабарлайды  Sayasatlive.kz порталы.

Кездесу барысында энергетика, сауда және халықаралық саясат мәселелері талқыланған. Негізгі назар «Сібір күші – 2» газ құбыры жобасына ауды.

Ресей бұл жоба арқылы Қытайға жылына 50 миллиард текше метрге дейін газ жеткізуді жоспарлап отыр. Мәскеу бірнеше жылдан бері Бейжіңмен осы жоба бойынша келіссөз жүргізіп келеді.

Алайда тараптар әзірге жоба бойынша түпкілікті келісімге келген жоқ. Кремль өкілдері негізгі бағыттар бойынша ортақ түсіністік бар екенін айтқанымен, баға, коммерциялық шарттар мен нақты мерзімдер әлі де талқыланып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, Қытай келіссөздерде асықпай, өзіне тиімді шарттарды күтуде.

Ұқсас ақпараттар