Сотталғандарға тағы да рақымшылық жариялануы мүмкін бе?

Мәжіліс депутаттары жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарауға қабылдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Құжатпен бірге оған қатысты екі түзету пакеті де парламентке енгізілді.

Жобаға сәйкес, қоғамға ауыр зиян келтірмеген немесе келтірілген шығынды толық өтеген азаматтарды қылмыстық жауапкершіліктен босату ұсынылып отыр. Бұл жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтарға қатысты болмақ.

Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар үшін, егер келтірілген залал толық өтелсе, жаза мерзімін қысқарту қарастырылған.

Сонымен қатар әкімшілік рақымшылық аясында Қазақстан азаматтары, кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі бар адамдар және өзге де тұлғалар төленбеген әкімшілік айыппұлдардан босатылуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар