Непалдағы апат: Үш қазақстандық әлі табылмады

Қытай мен Непал шекарасында болған табиғи апат аймағында жоғалып кеткен үш қазақстандықтан әлі ешқандай хабар жоқ, деп хабарлайды Sayasatlive.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты. Сөзінше, Қазақстанның дипломатиялық қызметкерлері жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның үш азаматшасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен.

Непалда 2026 жылғы 26 тамызда болған алапат су тасқыны мен лай көшкінінің салдары әлі де жойылған жоқ. Табиғи апат елдің Қытаймен шекаралас Расува аймағында басталып, Бхотекоши және Тришули өзендерінің аңғарларына тараған. Алдын ала мәлімет бойынша, таудағы мұздық пен тау жыныстарының опырылуы жойқын сел ағынын тудырған.

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Непал билігі апат салдарынан 1 403 адамның қаза тапқанын, ал 6 150 адамның хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Құтқарушылар 13 742 адамды аман алып шыққан. Қаза тапқандардың нақты санын анықтау және мәйіттерді сәйкестендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас ақпараттар