Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында әйел адам күйеуінен зорлық-зомбылық көрген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Оқиға кезінде ер адам әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан. Бұл туралы жәбірленушінің туысы әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Туысының айтуынша, ер адам әйелінің атына 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Бұдан бөлек, әйеліне күш көрсетіп, оны өлтіремін деп қорқытып келген. Жәбірленушінің жақындары оның мұндай әрекетке бірнеше рет тап болғанын айтып отыр.
Оқиғаның нақты мән-жайы әзірге белгісіз.


