БҚО-да өрт сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндіру жұмыстары кезінде құтқарушы Миршат Халиуллин қаза тапты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ол Тасқала ауылдық округіндегі өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі болған.

Марқұмның әкесінің айтуынша, өртті ауыздықтау кезінде Миршатты әріптесі қызметтік көлікпен байқамай қағып кеткен.

Жүргізуші қою түтін салдарынан оны көрмей қалғанын айтқан. Құтқарушы алған жарақатынан ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Төтенше жағдайлар министрлігі оның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болғанын растады.

Ұқсас ақпараттар