Шымкентте 25 жастағы әйел телефон арқылы жанжал кезінде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырды. Оның қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Полиция бейнероликтегі кейіпкерді анықтады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Оның ішкі істер органдарына қатысы жоқ және еш жерде жұмыс істемейді», — деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.
Оқиға кезінде әйел мас болған. Ол қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция мемлекеттік органның қызметкерімін деп таныстыруға болмайтынын еске салды. Арнайы атақты немесе лауазымды заңсыз иемденгені, сондай-ақ өзін мемлекеттік органның қызметкерімін деп таныстырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.


