Астанада ер адам әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсады

Астанада отбасылық жанжал екі адамның өлімімен аяқталды. Ер адам әйеліне, содан кейін өзіне пышақ жарақаттарын салған, деп хабарлады Sayasatlive.kz

Оқиға 15 қыркүйекте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған.

«15 қыркүйекте, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақаттарын салып, кейін өзіне пышақ жарақатын салғаны анықталды. Алған жарақаттардан екеуі де оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады Астана қалалық ПД.

Полиция кісі өлтіру және суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

Ұқсас ақпараттар