Ыстамбұл полициясы ұшқыш кейпіндегі есірткі тасымалдаушыны іздестіруде

Ыстамбұл полициясы өзін ұшқыш ретінде көрсетіп, тыйым салынған заттарды тасымалдаған есірткі курьерін іздестіруді бастады, деп Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистердің ақпаратына сәйкес, 15 қыркүйекте Ыстамбұл әуежайындағы кеденшілер Мексикадан келген жолаушының багажынан 26,3 келі есірткі тапқан. Тексеру барысында тағы екі жолаушының күдікті ретінде қатысы бар екені анықталды, олардың бірі ұшқыш формасында болған. Бейнебақылау камералары оның әуежайдан шығып бара жатқан сәтін түсіріп алған.

CNN Türk мәліметінше, күдіктілердің бірі қонақүйге келіп, Мексика азаматына есірткі салынған чемоданды берген. Полиция екі күдіктіні де қонақүйде ұстады, ал нөмірден 25 келіден астам тыйым салынған заттарды тапты. Ұшқыш кейпінде әрекет еткен есірткі курьерін іздестіру жалғасуда.

Ұқсас ақпараттар