Трамптың байлығы 7 млрд долларға жетті – Forbes

Америка Лидері Дональд Трамптың байлығы 2024 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін 2,7 миллиард долларға артып, 7 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz “Прайм” басылымына сілтеме жасап.

“2024 жылғы сайлаудағы жеңісінен кейін президент криптовалюталық жобалар мен шетелдік мәмілелерден пайда тауып, 2,7 миллиард долларға байыды деп бағаланады. Қыркүйек айында жаңартылған соңғы есептеулеріміз бойынша жеті миллиард доллар”, — деп жазады Forbes басылымы.

Forbes АҚШ тарихында ешкім саясаттан мұнша ақша таппағанын атап өтеді. Журналдың мәліметінше, АҚШ-тың 47-ші президенті байлығының басым бөлігін криптовалюта мен өтімді активтер құрайды, олардың құны 2,4 миллиард долларға жетеді. Гольф-клубтар мен тынығу орындары Трампқа тағы 1,8 миллиард доллар әкеледі. Америка Лидерінің жылжымайтын мүлікке салған инвестицияларын Forbes 1,1 миллиард долларға бағалайды, ал қосымша 1 миллиард доллар Трампқа тиесілі Truth Social әлеуметтік желісінің бас компаниясы Trump Media & Technology Group Corp құнын құрайды. Басылым Трамптың жеке бренді лицензиялау арқылы АҚШ президентіне тағы 700 миллион доллар әкелетінін атап өтеді.

Ұқсас ақпараттар