Түркістанда көпқабатты үй өртеніп, 63 адам эвакуацияланды

Түркістанда 12 қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылар 63 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады. 9-шы көшедегі үйдегі өрт туралы хабар 112 пультіне келіп түсті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың сыртқы қаптамасының сегізінші қабаттан 11-ші қабатқа дейін ашық жанып жатқанын анықтады. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері автосаты арқылы өрт сөндіру діңгектерін беріп, отты сөндіруге кірісті. Сонымен бірге құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауды ұйымдастырды. Адамдар ғимараттан баспалдақтар арқылы шығарылды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

«Өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарлау қажет», — деп еске салды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ұқсас ақпараттар