Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мённің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Sayasatlive.kz

Қазақстан Президентін Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды. Тоқаев мемлекет басшылары деңгейіндегі алғашқы «Орталық Азия — Оңтүстік Корея» басқосуына қатысады. Кездесу қорытындысы бойынша энергетика, жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы «Сеул декларациясын» қабылдау жоспарланып отыр.

Тоқаевтың Нью-Делиде өткен БРИКС басқосуына қатысу кезінде мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар қысқа кездесулер өткізгенін хабарлаған болатын. Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен, Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагиммен, Вьетнам премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди президенті Эварист Ндайишимийемен және Таиланд премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен кездесті.

Тоқаев сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесусспен және Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен әңгімелесті.

Ұқсас ақпараттар